Виртуалды кафедраға қош келдіңіз !
Хабарландыру
8 2011 жылы 9-19 наурыз аралығында "ЭОЖ енгізудің технологиялық негіздері" атты 72 сағаттық курс өткізіледі.
9 2011 жылы 27-29 сәуірде ІV Республикалық "Алтын диск" байқауы өткізіледі.
19-05-2012 ж

 

 
 

 

Ақпараттық технологиялар кафедрасы туралы ақпарат

 

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мақсатында 2011 жылдың ғылыми-зерттеу тақырыбы анықталды: «Халықаралық талаптарды негізге ала отырып ақпараттық-білім ортасында басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру».

 

Кафедра миссиясы: басшы мен ғылыми-педагогикалық кадрлардың кәсіби өсу траекториясын құруда ІТ-технология мүмкіндіктерін белсенді қолдану мақсатында білім беру ұйымдары педагогтары үшін бірыңғай ақпараттық білім ортасын құруға жағдай жасау.

 

Кафедраның жетекші идеясы: педагогтардың ақпарттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыруға барынша тиімді көмек көрсету

Мақсаты:  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін бірыңғай ақпараттық-білімдік ортаны құру, педагогтың кәсіби өсуіне  өздігінен жетілу үшін желілік шығармашылық тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

 

Міндеттері:

 

  1. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыруды модернизациялауға бағытталған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндетін іске асыру.
  2. Халықаралық стандарттар деңгейінде ІТ-технология арқылы басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін артттырудың әдістері мен түрлерін, жаңа жолдарын іздеу.
  3. Үздік отандық және шетелдік тәжірибелерге бейімделе отырып меңгеруде электрондық, қашықтықтан және телекоммуникациялық құралдарымен оқытуды жасау және жүйелі дамыту.
  4. Басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың арттыру тиімділігінің белгілері мен көрсеткіштерін анықтайтын  мониторинг жасау. 
  5. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың озық тәжірибелерін зерттеу, қорытындылау, ендіру және тарату..
  6. ББЖ КБАРИ инфрақұрылымының барлық базалық  ақпараттық компоненттерін жетілдіру және қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже:

 

- ББЖ КБАРИ-де ақпараттандыру үдерісін құқықтық және әдістемелік  қамтамасыз ету;

- берілген технологияны жүзеге асыруда оқытушының міндетіне электронды және қашықтықтан оқыту технологиясына, әлемдік үздік тәжірибеге лайықты, бірыңғай талаптарды жасау және жүзеге асыру;

- ББЖ КБАРИ-де білімдік-ғылыми-тәрбиелік үдеріске ақпараттық мәдениетті қалыптастыру механизмін және құралдар жүйесін тиімді жасақтау;

- ІТ-технологияны меңгеруді қамтамасыз ету және мүмкіндіктерін жүйелі пайдалану және дамытуда халықаралық стандарттар мен бағдарламаларға сай  кадрларды сертификациялау мен біліктілігін арттыру;

- IT-технологияны дамыту мен ақпараттық қорларын пайдалануда шетелдік ұйымдар мен басқа БАИ-мен өзара қарым-қатынасты   кеңейту;

- ақпараттық-коммуникациялық білімдік технологияны жасауда білімді ақпараттандыру бойынша республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мен жасауда ББЖ КБАРИ-дің қатысуын қамтамасыз ету;

- ББЖ КБАРИ-дің білім беру үдерісін инновациялық және ғылыми-зерттеу сабақтастығын тиімді ету мақсатында IT-технологияны қолдану.

 
Ескелді ауданы білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті
Алматы қаласы , 1 ықшам ауданы №36 үй , эл. пошта : info.ripkso@mail.ru , тел: +7 (727) 226-90-22